АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «8» қаңтар

 

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсімі оңайлатылды

 

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастапБЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға, оның ішінде Қордың веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ.Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы)тиісті өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

 Еске саламыз, бұған дейін жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін шот ашу жөнінде тиісті өтінішті рәсімдеуге міндетті болатын. 

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Айта кетелік, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «9» қаңтар

Фрилансерлер үшін жарналарды төлеу рәсімі оңайлатылды 

 

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсімін оңайлатуға бағытталған.    

Еске сала кетелік, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шілде айынан бастап МЗЖ төлеуге міндеттелген болатын.  

Ал жаңадан енгізілген өзгерістер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді.  

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшін, олардың ішінде фрилансерлерге берілетін табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, міндетті емес. Бұл жағдайда жеке тұлға міндетті зейнетақы жарналарын өзінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшін ол жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзінің осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететін болады.

Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретінде еңбек ететін әрі жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететін азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.      

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшін алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінің 12 еселенген сомасынан аспауы тиіс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.    

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары

 

Біз «БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап беруді жалғастырамыз.

Азаматтарды ҚР Заңдарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген өзгерістер қызықтырады. Олардың кейбірі зейнетақы аударымдарына қатысты. Міне бүгін солар туралы әңгімелейтін боламыз.

 

Фрилансерлер деген кімдер?

Жауап:Фрилансерлер – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқаратын және (немесе) қызметтер көрсететін жеке тұлғалар. Олар жұмыс орны мен жұмыс істеу уақытын көп жағдайда өздері белгілейді және тапсырыс берушімен көп жағдайда қашықтықтан байланыс жасайды. Интернет желісі дамығаннан бері фриланстық жұмыстар әсіресе журналистика, заң, компьютерлік бағдарлама, дизайн, аударма салаларында кеңінен дамыған.     

 

  1. 1.     Белгілі бір мекемеде еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қосымша табыс алатын жұмысшылар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?

Жауап:«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес агенттер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде төлейді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.

Заңның 24-бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкессалық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табыстан Қорға МЗЖ төлеуден босатылады.

Бұдан басқа, Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көзделгеніндей, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына МЗЖ аудару құқығына ие. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Бұл ретте МЗЖ мөлшері алған табыстың 10 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем болмауы тиіс.    

Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға өз еркімен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Атап өту керек, егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болса, олар жеке тұлғаларға, оның ішінде фрилансерлерге азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлеген табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте МЗЖ алған табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

 

  1. 2.     Қазіргі кезде елімізде еңбек келісім-шарты бойынша қос қызметті қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейді? Яғни, еңбек келісім-шартын жасасқан екі мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?

Жауап:«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша салық агенті болып табылатын жұмыс берушілер аударады. Сәйкесінше жұмыскермен еңбек шартын жасасқан екі мекеме де БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.

 

  1. 3.     Үйінде отырып-ақ табыс табатын,ЖШСнемесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тәуелсіз жұмысшылар салықты қалай төлейді? Жалпы оларды қалай анықтайсыздар?

Жауап: Салық мәселесі бойынша ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз.

 

  1. 4.     Фрилансерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға міндеттелген бе?

Жауап: Бұл сұрақ бойынша Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жүгінуіңізді сұраймыз.Бұл ретте біздің айтарымыз, жеке тұлғалардың барлығы бірдей бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тәртібін қолдана алмайды.

Атап өту керек, БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және ол бірнеше төлемнен құралады. Олар:жеке табыс салығы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін МЗЖ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым.

Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен жүзеге асыратын, сондай-ақ бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ  төлеген;жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өсірген ауыл шаруашылығы өнiмдерін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер БЖТ төлеушілер болып табылмайды. 

 

  1. 5.     Жаңа заң қашаннан бастап күшіне енеді?

Жауап:«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер енгізілді.

Заңға енгізілген бұл өзгерістер БЖТ енгізуге (ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқарып, қызметтер көрсететін жеке тұлғалар үшін МЗЖ төлеу рәсімін оңайлатуға және МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының өтініш берушілік сипатта ашылуын жоюға бағытталған (ол 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді). 

Енді жеке тұлғаның МЗЖ есепке алу бойынша БЖЗҚ-да ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» желтоқсан

 

Қарағандыдақазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды

 

 

12 желтоқсан 2018жҚарағанды қаласында«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

Форум-кеңес түріндегі отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлері және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының өкілдері, сондай-ақ кәсіподақтар, кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен аталмыш жүйенің бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкілдері, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу себептерін, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемішін тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсіресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелері, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерікті зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пікір алмасты. 

Отырысты Қарағанды облыстық филиалының директоры Мордвинцев Андрей Валентинович ашты. Ол ниет білдіріп, бүгінгі жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын білдіріп, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда жемісті еңбек тіледі.Өз сөзінде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өтті.   

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның  ТМД елдері арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргізіп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгінде жүйе орнықты және өзінің дағдарысқа төзімділігін дәлелдеді және даму әлеуеті жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегі экономикалық ахуалға тәуелді екендігін атап өтті. Өйткені экономиканың нақты салаларының өсуі еңбек өнімділігі мен халықтабысының артуына септігін тигізеді. Инфляцияның төмендеуі, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етеді. Экономикалық тұрғыда белсенді халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарынтұрақты аударып тұруға мүмкіндік береді. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz 

14.12.2018

БЖЗҚ 2018 жылдың үздік жұмыс берушісін атады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының құрметті демалысқа шыққанда лайықты өмір сүруге арналған инвестиция екендігін тағы да еске салады. Зейнет жасында лайықты табыс алу үшін міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде ерікті жарналарды да уақытылы және толық көлемде Қорға аударып отыру қажет. Қазақстандықтар ерікті жарналарды өзінің немесе (жұмыс істемейтін, табысы аз) туған-туыстарының пайдасына аудара алады. Бұдан басқа, жұмыс берушілер де жұмыскерлерін жұмысқа ынталандыру үшін олардың пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудара алады.

Қазақстанда өз қызметкерлерінің бүгіні мен болашағын ойлайтын компаниялар көп емес. Бірақ бар. БЖЗҚ мамандары отандық компаниялар тарапынан 2017 жылдың тамызы мен 2018 жылдың тамызы аралығында аударылған ерікті зейнетақы жарналарының көлеміне талдау жасады. Талдау қорытындысы бойынша ЕЗЖ төлеуші-жұмыс берушілердің тізімі жасалып, жарналардың санына қарай, «БЖЗҚ» АҚ таңдауы бойынша 2018 жылдың үздік жұмыс берушісі» байқауының жеңімпазы анықталды. Ол – «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы.

Қор басшылығының айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ – HR-саясаты (кадрлық саясаты) нақты қалыптасқан қазақстандық компаниялардың бірі. Онда қызметкерлер құрамы, олардың біліктілігі, жұмысқа деген ынтасы үлкен маңызға ие. Қазақтелекомның өтіп бара жатқан жылдың ең үздік компаниясы атануы – қызметкерлерінің бүгіні мен болашағын қамсыздандыруға ерекше көңіл бөлетін, әлеуметтік-жауапты, адал ниетті, қызметкерлері үшін ашық компания екендігін білдіреді. Өз кезегінде Қор басшылығы қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, еңбек ұжымының зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұмтылатын компаниялар санының әлі де арта түсетіндігіне үміт артады.

Салтанатты марапаттау рәсімі Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар, сын-тегеуріндер, даму келешегі» атты тақырып аясындағы Дөңгелек үстел барысында өтті.

5 сұрақ

 

  1. Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін қайда жүгінуге болады? Осы жөнінде толығырақ айтып берсеңіз.  

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамту жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген. 

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады. 

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін: зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді. Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жергілікті бөлімшесіне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгізілген жаңа Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай (бір) өтініш пен қажетті құжаттарды тек бір жерге – осы мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. 

Мемлекеттік корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәліметтерді алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті және міндеті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома 10 жұмыс күні ішінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына аударылады.

 

  1. 2.     Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті ме? 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шілдедегі № 165-VІ Заңы) енгізілген өзгерістерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерінде (бірақ ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге міндетті.     

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшін МЗЖ аудару тәртібі мынадай: 

– азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар (қызмет көрсетушілер) міндетті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей төлейді; 

– екінші деңгейдегі банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын кейіннен Мемлекеттік корпорацияға аудару үшін оларды банкке қолма-қол ақшамен енгізеді; 

– екінші деңгейдегі банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттік корпорацияға төлем тапсырмасын әзірлейді. Одан әрі, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттік корпорацияның шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады. 

Қандай да бір кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы. 

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке қол қою арқылы міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген өтініш үлгілері БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған: 

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf 

Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті Қордың кез-келген бөлімшесінде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.   

  

  1. 3.     БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтерді алуға болады? 

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді. Терминалдың корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет.  

Барлық филиалдарда өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%) қызметтері. 

  

  1. 4.     Зейнетақы активтері не үшін екінші деңгейдегі банктерге инвестицияланады? Олар бірінен-соң бірі жабылып жатыр емес пе? 

Қазіргі уақытта зейнетақы активтері бірыңғай оператор – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционері – Қазақстан Республикасының үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті ҚР Ұлттық Банкнің сенімгерлік басқаруына берілген. Зейнетақы активтерін басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөніндегі кеңесімен бірлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі біршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесінше зейнетақы активтері тәуекелі төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдік валютада номинирленген әр түрлі  қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат - ұзақ мерзімді болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл - басты стратегия. 

Портфельдің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (47%), екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердің бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған. 

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердің валютасында (32%) номинирленген.  

Зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банктердің облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердің облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы. 

Ұлттық Банк зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша барлық шешімдерді ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдің құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.

 

  1. 5.     Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады? 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты тегін беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Ал ақпарат алу тәсілін салымшы өзі таңдайды. Шоттан үзінді-көшірме алудың мынадай тәсілдері бар:  

– пошта байланысы арқылы  – жылына бір рет; 

– таңдап алынған төлем кестесіне сәйкес электрондық пошта арқылы – (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын); 

– БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шек қойылмайды; 

– интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) – онлайн режимінде  шектеусіз; 

– enpf.kz сайтына тіркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкімет сайты арқылы -  шектеусіз.  

Егер Сіз зейнетақы шотыңыз жайында үзінді-көшірме алу тәсілін таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегі Қор кеңсесіне келіп, хабарлау тәсілі туралы қосымша келісім жасай аласыз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/ 

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бірнеше минутты алады.   

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу  - қазіргі уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртібінде бақылап отыруға мүмкіндік береді.     

 

 

 БЖЗҚ баршаға қолжетімді

 

        2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ  Қарағанды облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі. Қор бұл шараны  екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ол әдеттегіден ерекше болмақ – алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бізге филиал директоры  Мордвинцев А.В. әңгімелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес.  Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазіргі заманғы зейнеткерлер қамтылатын  мемлекеттік бюджеттен емес,  өздерінің аударған зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болады.   Ашық есік күні барысында Қор қызметкерлері оқушылар мен студенттерді зейнетақы жүйесінің негіздерімен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.   

      Сонымен қатар шараға келушілер Қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығын  біле алады. Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі.  БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді.  Еліміздің  аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

2018 жылдың көктемінде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында енгізілмек. Үстіміздегі жылдың 9 айында 18 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбір тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысты.   

- «БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы  немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді»,- дейді филиал директоры.       

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша   www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін).  Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын іске қосты. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзінді-көшірме алып, жеке кабинетінің құпиясөзін қалпына келтіріп, өзекті жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың ең жақын бөлімшесінің мекенжайын білулеріне болады.  Аталмыш ботты пайдалану үшін  іздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек. 

Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.   

- «Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз», -дейді қор қызметкерлері. 

 

 

 

 «БЖЗҚ» АҚ алымшы/салушыларды, оқушылар мен студенттерді   «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады 

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның Қарағанды облыстық филиалы 2018 жылдың 20 қарашасында өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады. Шараға салымшылармен қатар алғаш рет жоғары сынып оқушылары мен колледждердің бірінші, екінші курс студенттері қатысады.  Шара барысында қор қызметкерлері қатысушыларды Қазақстанның зейнетақы жүйесінің жұмысымен таныстырып, оған қалай қатысуға болатынын айтып береді, қор қызметтеріне  жүгіну , қордың салымшылар және алушылармен байланыс жасау тәсілдерімен таныстырады.  

Ашық есік күніне келушілер қор қызметтерін  www.enpf.kz сайты, ENPF ұялы қосымшасы,  telegram-бот арқылы қалай қолдануға болатынын біле алады. Шараға қатысушы мектеп оқушылары мен студенттер арасында kahoot-викторина ұйымдастырылып, белсенділік танытқандарға алғыс хат табысталады.

 Барлық ниет білдірушілер мен БАҚ өкілдерін 20 қараша күні сағат 10:00 мен 17:00 аралығында Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау даңғылы, 82 мекенжайы бойынша күтеміз.

 «БЖЗҚ» АҚ Қарағанды облыстық филиалы

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «» қазан

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

 

Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетімен зейнетақы қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.  

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темірден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлігінде сенсорлық экраны бар. Корпустың ішіне жаңа үлгідегі жүйелік блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың ішінде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгеріс енгізу (43,03%).

Қазіргі кезде өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді-көшірме алу, берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау және шарттардың көшірме нұсқасын алу секілді қызметтерді салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәліктегі электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен ала алады. Ал міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнінде өтініш беру және жеке деректемелерді өзгерту үшін салымшыны танып білу әдісі ретінде тек жеке куәліктегі ЭЦҚ қажет. 

БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы аясында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесін дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседі.

Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерінің барлық негізгі түрлері электрондық форматта қолжетімді болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер енгізу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру. 2018 жылдың 9 айы ішінде Қор кеңселерінде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың ішінде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсім – 25 пайызды құрады.   

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды барынша жетілдіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетіліп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды іске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкіндік береді.   

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «18» қазан

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.  

Осындай таратылымдардың жиілеп кетуіне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.    

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.     

Өтемақы мөлшері әрбір салымшы үшін дербес есептеледі.Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде алушының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет айырма сомасын өтейді. Бұл қаржы нарықтары мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғандығын білдіреді. Алайда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті жарналар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасына тең немесе одан жоғары болса айырма сомасы төленбейді. 

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Биылғы жылдың қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде бірыңғай өтініш беру бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Енді зейнет жасына толған азаматтар «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақыны және зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен қалыптасқан төлемдерді алу үшін бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына  (ХҚО) тапсырады.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын төлеуге қатысты алдын алу қызметі де көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл ретте инфляция деңгейін ескере отырып, арнайы әзірленген әдістеме бойынша әрбір алушының зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.    

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

                                                         

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «11» қазан

 

Композиттік қызметті енгізу туралы

Алматы, Қазақстан – «Бір терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі бірыңғай өтінімді ұсыну бойынша жаңа композиттік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-ші қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) негізінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-ші қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Енді, зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін алу үшін бірыңғай өтінім мен құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға (үнсіз келісім бойынша) мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгізілген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметі көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Бұл ретте Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтініші Мемлекеттік корпорацияға тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде немесе Қордан зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Әрі қарай Қор төлемдері мен бюджет есебінен берілетін зейнетақы төлемдері Мемлекеттік корпорация бекіткен кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.

Бұл өзгерістер зейнеткерлік жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделері үшін енгізіліп отыр. 

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтері мен міндеттері, оның ішінде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектік, жерлеу және мұрагерлікке байланысты төлемдер мен ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, есептеу мәселелері және стратегиялық міндеттер сол өзгеріссіз күйінде қалады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

                                                                                «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы  

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

  

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «21» қыркүйек

 

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған  ақпарат шындыққа жанаспайды. 

Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.      

Мемлекет кепілдігі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгіну керек. Мұнда арнайы әдістеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.     

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).                                      

                                                          «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы                                                                                           БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

  

БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған.

1. Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра алмайды. Оның зейнетақы Қорына қатысты бірқатар сұрақтары бар еді. Қордың жергілікті кеңсесі алыста орналасқан. Өзі бара алмайды. Ал мен күні бойы жұмыстамын. Айтыңызшы, бұл жағдайда не істеуге болады?    

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтар, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін зейнетақы қызметтеріне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.   

Кімде-кім қандай да бір себептермен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын болса, Қор қызметкерлері оған өздері барады.

Сіз әкеңіз үшін «Мобильдік агент» қызметіне тапсырыс бере аласыз. Бұл үшін Қордың байланыс орталығына телефон шалу немесе Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінің «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін электрондық өтініш беру» нысаны арқылы өтінім бере аласыз. Бұл қызмет туралы мына сілтеме арқылы толығырақ білуге болады:   https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/mo.php.

Егер әкеңізде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті бар болса, ол соның көмегімен шарт жасаудан бастап зейнетақы төлемдерін алуға дейін зейнетақы қызметтерінің барлық дерлік түрін ала алады.   

 

2. Мен аптасына 6 күн жұмыс істеймін. Яғни, сенбі де – жұмыс күні. Сондықтан БЖЗҚ бөлімшесіне келуге мүмкіндігім жоқ. Не істеуге болады?

БЖЗҚ қашанда заман талабына сай қызмет атқаруға күш салады. Бүгінде Қор негізгі қызметтердің барлығын қашықтықтан көрсетеді. Сондықтан салымшы өз мәселелерін шешу үшін Қор бөлімшесіне келуге міндетті емес. БЖЗҚ қашықтықтан қызмет көрсету жүйесін ұсынып отыр. Мысалы, байланыс орталығы және интернет бойынша кері байланыс нысаны арқылы дербес ақыл-кеңес алуға болады. Қордың байланыс орталығының менеджері сұрағыңызды тыңдап болып, оны сол мезетте шешуі мүмкін. Күрделі сұрақтар бойынша әрі қарай не істеу керектігін түсіндіреді. 

Бұдан басқа, Сіз электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен Қор сайтында барлық дерлік операцияларды жүзеге асыра аласыз. Мысалы, жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беруге, жеке деректемелерге өзгеріс енгізуге, зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысына ауыстыруға және берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалауға болады.   

Сонымен қатар «Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініштің көшірме нұсқасын алу» және «Өз пайдасына ерікті зейнетақы жарналары есебінен шарт жасасу» электрондық қызметтері де іске қосылған.

3. Мен 10 жылдан кейін зейнеткерлік жасқа толамын. Сол кезде шамамен қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды білгім келеді. Ай сайынғы төлемнің мөлшері қалай есептеледі?

Қазақстан Республикасында жиынтық зейнетақы екі төлем көзінен құралады. Олар: мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы, сондай-ақ БЖЗҚ-дан: міндетті зейнетақы жарналары және ерікті құрамдауыш есебінен қалыптасқан төлемдер.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу механизмі өзгертілді. Енді оны тағайындағанда 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі ескеріледі. Яғни, еңбек өтілі көп болған сайын базалық зейнетақының мөлшері де ұлғая түседі. Базалық зейнетақыны тағайындаумен «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы айналысады. Сондықтан базалық зейнетақыны тағайындауға қатысты сұрақтар бойынша корпорацияға бірыңғай «1414» тегін телефон нөмірі арқылы хабарласуға немесе оның Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына өтініш жазып қалдыруға болады.  

Енді БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын төлемдерге келер болсақ, ай сайынғы төлемнің мөлшерін есепту үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерінің кестесі пайдаланылады. Бұл кесте Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Сондықтан ай сайынғы төлемнің мөлшері алушының жасы мен жеке зейнетақы шотындағы қаражаттың сомасына тәуелді. Алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Одан шыққан сома Қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдері болып саналады.     

Атап өту керек, жинақтар көлемді болған сайын ай сайынғы төлемнің сомасы да жоғары болады. Сәйкесінше бұл төлемдер ұзақ уақыт жүзеге асырылады.   Бұл құрамдауыш бойынша төлемдердің көлемі адамның өзіне байланысты – еңбек жолында болашағыңа қанша қаражат жинасаң, зейнет жасында сондай көлемде зейнетақы аласың деген сөз. Осылайша азаматтар қазірден бастап Қордағы жеке шоттарына зейнетақы жарналарын жиі және қомақты мөлшерде аударып тұрулары керек. Өйтпеген жағдайда зейнетақы мөлшері аз болады.  Сондықтан Қордан зейнетақы төлемдерін алудың жаңа әдістемесі зейнетақы жинақтарын дер кезінде қалыптастыру керектігін шынайы түрде көрсетіп береді. Яғни, төлем сомасы жинақтардың көлеміне тікелей байланысты.  

Мысалы, бір салымшының шотында 6 млн теңге, ал басқа салымшыда бар болғаны 1 миллион теңге болса, олардың ай сайын алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері де әр түрлі болады.   

Қор сайтында орналасқан зейнетақы калькуляторы қазірдің өзінде болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте аз мөлшерде болса да тұрақты негізде аударылатын ерікті зейнетақы жарналарының арқасында зейнетақы жинақтарының көлемін елеулі түрде арттыруға болатындығына көз жеткізе аласыз.   

Қордың www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде орналасқан зейнетақы калькуляторы (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php) ай сайынғы жиынтық зейнетақыны (ол ортақ және базалық зейнетақыны да есепке алады) өз бетіңізбен есептеуге мүмкіндік береді.       

Бұл үшін зейнетақы калькуляторының тиісті бағандарына еңбек өтілі (еңбек қызметінің басынан бері), зейнетақы жинақтарының сомасы және айлық табыстың сомасын енгізу қажет. Бұдан басқа, «БЖЗҚ» АҚ-тың жаңа: зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша салымшылар мен алушыларға дербес кеңес беру қызметін пайдалануға болады. 

2018 жылдың сәуірінде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Бұл ретте жеке және корпоративті зейнетақы калькуляторлары қолданылады. Бұл қызмет қазір тұрғындар арасында танымал болып жатыр. 2018 жылдың тамыз айында «БЖЗҚ» АҚ филиалдары зейнетақыны жоспарлау бойынша 58 107 ақыл-кеңес өткізген.  Сіз осы мәселе бойынша Қордың жергілікті бөлімшесіне жүгіне аласыз.   

4. Мен жеке зейнетақы шотын ашуым керек. Бұл үшін қанша ақша төлеу керек және қандай құжат қажет?

Жеке зейнетақы шоты тегін ашылады. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, міндеттемелерді және жауапкершілікті, сондай-ақ БЖЗҚ мен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшеліктерін бекітеді.       

Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, онда  жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтініш толтыруыңыз керек.  

ЖЗШ – салымшының (зейнетақы төлемдерін алушының) жеке атаулы шоты. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не болмаса ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және басқа да түсімдер есепке алынады және солардың есебінен төлемдер жүзеге асырылады.   

ЖЗШ ашу туралы өтінішті рәсімдеу үшін Қор кеңсесіне барған кезде мына құжаттар ұсынылады:

- жеке өзі келгенде – жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа);
- сенім білдірілген тұлға келіп өтініш білдірген кезде  – сенім білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенімхат немесе оның нотариат куәландырған  көшірмесі, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі.

Сонымен қатар Сіз Қор сайтының мына мекенжайында орналасқан электрондық қызметтерді пайдалана отырып, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішті бере аласыз:  https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/ipa/cpc.php. Бұл үшін Сізде электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті (ЭЦҚ) немесе Жеке кабинет қолжетімді болуы қажет. Одан басқа, Қор сайтындағы басқа да электрондық қызметтерді пайдалануға болады. Олар: зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру, жеке деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, интернет-хабарлау тәсілін таңдау және берілген өтініштердің орындалу барысын қадағалау.    

Биыл қор сайтында зейнетақы шартының көшірме нұсқасын алу және «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу» қызметі іске қосылды. Бұл сервистерді пайдалану бар болғаны бірнеше минутты алады.

Қордың «Facebook», «ВКонтакте», «Твиттер», «Одноклассники» және «Instagram» әлеуметтік желілерінде ресми парақшалары бар екені белгілі. Сонымен қатар Қор биыл Telegram және Whatsapp мессенджерінде өзінің чатботын енгізді. Барлық коммуникация арналары зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпараттарды алуға және қажет жағдайда жеке мәселелер бойынша Қор мамандарына жүгінуге мүмкіндік береді.    

Таяуда Whatsapp жүйесінде (8-777-000-1418 нөмірі бойынша) салымшылармен байланыс жасаудың жаңа арнасы іске қосылды. Онда қажетті ақпараттарды телефон арқылы хабарласпай-ақ және Қор бөлімшесіне келместен автоматты түрде алуға болады.

БЖЗҚ қолданатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді.    

5. БЖЗҚ бөлімшесінде менеджер маған дербес кеңес беру қызметін ұсынды. Мен сол кезде одан бас тарттым. Өйткені, бұл қызметтің ақылы, ақылы емес екендігін білген жоқпын.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдына сапалы қызмет көрсетуден басқа, қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайту мақсаты қойылған.    

2018 жылдың сәуір айында Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Ол тегін көрсетіледі. Салымшылар мен алушыларға кеңес беру барысында оларды ең алдымен зейнткерлікке шығу, ерікті зейнетақы жарналарын төлеу, инвестициялық табыс, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беру және зейнетақы төлемдерін арттыру мәселелері қызықтыратыны белгілі болды. 

Осы және өзге де сұрақтарға Қор мамандары жан-жақты жауап береді және болжамды зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеп, оның арттыру жолдарын көрсетеді.  

2018 жылдың үшінші тоқсанының 2 айы ішінде Қор филиалдары 109 889 ақыл-кеңес өткізді. Бұл 2018 жылдың екінші тоқсанында берілген ақыл-кеңестердің 93 пайызын құрайды. Жоба іске қосылғаннан бері Қор филиалдары  228 406 ақыл-кеңес беріп үлгерді.    

 

  1. 1.     enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тіркелуге болады?

Жеке кабинетте тіркелу үшін, алдымен ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сіз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, ақпарат алу тәсілін өзгерту жөнінде қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады.«БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзінді-көшірме» бөлімінде тіркелген кезде енді логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзіңіз, яғни пароліңіз ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиіс және сандардан әрі латын әріптерінен құралуы керек.    

 

  1. 2.     БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ тұрғылықты мекенжай туралы деректемелерді өзгертуге бола ма?

Өкінішке қарай, әзірге жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келмей жеке деректемелерді өзгерту мүмкін емес. Зейнетақы жинақтарының құпиясы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңымен қорғалады. Сондықтан, біз деректемелерді салымшының/алушының өзі өзгертіп жатқандығына көз жеткізуіміз қажет.

Қазіргі таңда БЖЗҚ-ның бүкіл республика бойынша 231 бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімшелер жұмыс күндері таңғы сағат 08:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күндері түске дейін жұмыс істейді.

БЖЗҚ-ға келген соң сіз тек жеке деректемелеріңізді өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар зейнетақы шотыңыз жайлы ақпарат алудың өзіңізге ең ыңғайлы тәсілін таңдай аласыз. Олар ақпаратты электронды пошта немесе enpf.kz сайтының жеке кабинетіндегі интернет-хабарландыру тәсілдері болуы мүмкін.

Қазіргі таңда БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға көрсететін қызметтер қатарын кеңейтуге күш салып жатыр. Көп ұзамай салымшылар мен алушыларға Қор сайтындағы жеке кабинетке кіріп деректемелерді өзгерту мүмкіндігі беріледі.  

 

  1. 3.     Егер мен зиянды өндірісте істейтін болсам, жұмыс берушім мен үшін қосымша жарна төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде белгіленеді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына жүзеге асырады.     

Мұндай жұмыстардың тізімі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-ші қаулысымен бектілген.

Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндірістік нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесінде тізімнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушілер бұл үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды. 

Жұмыс беруші жұмыскерлеріне айлық жалақы төлегенімен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дер кезінде аудармаған болса, оны мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе жұмыс берушілер 2,5 еселік ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі шамасында есептелген өсімпұлмен қоса төлеуге міндетті. Бұл ретте мерзімі өткізілген әр күнге белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өкілетті орган бекітетіндігін айта кеткен жөн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс беруші БЖЗҚ-ға өзінің жұмыскерлері үшін міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға міндетті. Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, жұмыскердің пайдасына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебінен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуі мүмкін.  

 

  1. Жарналардың дер кезінде аударылуын және жеке зейнетақы шотының жай-күйін қалай білуге болады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.    Нақты айтар болсақ: 

- салымшы зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

- пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жеткізіледі);

- электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);

- логин мен құпия сөзді (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөліміне кіріп, (логин мен құпия сөзді қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтініш жасау арқылы ала алады.

Мінеки, Сіз осы тәсілдердің ішінен өзіңізге ыңғайлысын таңдай аласыз. Ал біз Сізге зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйін интернет, яғни онлайн қызметтері (www.enpf.kz, www.e-gov.kz және ұялы қосымша) арқылы алуға кеңес береміз. Бұл Сізге кез келген уақытта, кез келген жерде зейнетақы шотыңыздың жай-күйін тез арада біліп отыруға мүмкіндік береді.

Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жергілікті бөлімшесіне барып өтініш білдіруіңіз қажет. Сол жерде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсілін таңдайсыз. Сөйтіп ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейін, логин мен құпия сөзді (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйін осы ұялы қосымшадан көруіңізге болады.

Бұл үшін әрине ұялы телефоныңыз Wi-Fi интернет желісіне жалғануы тиіс.

Айтпақшы, салымшы үзінді көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.

 

  1. 5.     Мен Қазақстанның бұрынғы азаматымын. Ресей Федерациясының азаматтығын алдым. Айтыңызшы, мен өзімнің зейнетақы жинақтарымды қалай алуыма болады және бұл үшін зейнетақы Қорына қандай құжаттарды тапсыруым керек?   

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

«Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, ішкі істер органдары кету фактісін растайтын құжаттарды рәсімдеген соң жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттің азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам

Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешім қабылдаса, белгіленген тәртіпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсімдеуі керек.

Бұл рәсім шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлік, сот, мерзімді әскери қызметті өтеу және т. б.) міндеттемелерін анықтау үшін қажет. 

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алуға арналған құжаттардың тізімі enpf.kz сайтында мынасілтеме бойынша жайғастырылған:  http://www.enpf.kz/ru/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php

Сонымен қатар сайтта БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, үшінші тұлға немесе пошта байланысы арқылы жібергенде) барлық қажетті құжаттар тізілімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкалары және оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері, әр түрлі мемлекеттік органдардың түсіндірмелеріБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған.Ондағы ақпараттар тұрақты негізде жаңартылып отырады. 

 

 

 

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді  

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда. 

 

Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.    

 

Бұл жобаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиімді сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру. 

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 

 

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған.Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, режимдік және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдікагент» қызметін пайдалана алады. 

 

Одан басқа, көшпелі топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бірақ бұл үшін олардың саны жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудің электрондық тәсіліне барынша ауыстыру шараларын жүргізеді және ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.  

 

Қазіргі таңда жоба аясында бірқатар қызметтер көрсетіледі. Олар:

¾   жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;

¾   деректемелерді өзгертуге арналған өтінішті толтыру;

¾   ақпарат беру тәсілін өзгерту (айқындау) бойынша қосымша келісімді рәсімдеу;

¾   ЖЗШ бойынша үзінді-көшірме беру;

¾   шарттардың көшірме нұсқасын беру;

¾   зейнетақыны жеке және корпоративтік жоспарлау моделін (зейнетақы калькуляторларын) қолдана отырып кеңес беру;

¾   ақыл-кеңес беру;

¾   таныстырылымдар өткізу;

¾   зейнетақыны төлеуге арналған құжаттарды қабылдап алу немесе мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектер үшін зейнетақы жинақтарын аудару.

 

2017 жылдың басынан бері 5 ай ішінде «Мобильдік агент» жобасы аясында 2 888 көшпелі шара өткізіліп, 86 577 операция жүзеге асырылды. Олардың ішінде жеке зейнетақы шотын ашу бойынша 1 388 шарт, ақпарат беру тәсілін өзгерту туралы 24 202 келісім жасалды. Сонымен қатар 21 470 үзінді-көшірме берілді.

Салымшыларға көшпелі қызмет көрсету одан әрі жетілдіріліп жатыр.  Алматыда 2017 жылғы 18-19 мамырда Қор басшылығының қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының жыл сайынғы семинар-отырысы болып өтті.  Онда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру аясында БЖЗҚ бөлімшелері жоқ, шалғайдағы елді мекендер үшін «Мобильдік кеңсе» қанатқақты жобасын іске қосу мәселесі көтерілді.

Қазіргі таңда агенттер салымшыларға алып жүруге ыңғайлы компьютер және құжаттар топтамасымен баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникамен және жер серігі байланысымен жабдықталатын болады.   

 

Бұл өзіндік бір көшпелі қызмет көрсету орталығы іспеттес. Онда барлық қызметтер онлайн режімінде көрсетіледі. Қанатқақты жобалар аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды.

Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп. Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден жырақта орналасқан.

 

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды. 

 

 

Ерікті зейнетақы жарналары

 

Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары  өзара оңтайлы үйлестірілген.

 

Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен жұмыс істеуші азаматтардың салық аударымдары және басқа да түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Бұл зейнетақы екі құрамдауыштан тұрады. Бірі – мемлекеттік базалық зейнетақы. Ол барлық зейнеткерге еңбек өтіліне немесе айлық табысына қарамастан өмір бойына тағайындалады. Екіншісі – еңбек өтіліне қарай төленетін жасына байланысты зейнетақы. Мұнда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.

 

Екінші деңгей – міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Мұнда Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың айлық табысының 10 пайызы міндетті зейнетақы жарнасы ретінде зейнетақы Қорына аударылады. Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы ретінде аударуға міндеттенді.

Бұл ретте зиянды өндірістер мен жұмыстардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2020 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі.Сәйкесінше Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер (олардың ішінде зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын аударатын жұмыс берушілер де бар) еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына жалақының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударады. 

Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтаушы жүйе. ЕЗЖ мөлшерлемесі, оларды зейнетақы Қорына аудару және зейнетақы төлемдері ретінде төлеу ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

Сонау 1952 жылы қабылданған, Халықаралық еңбек ұйымының «Ең төменгі әлеуметтік қамсыздандыру нормалары туралы» Конвенциясына сәйкес орнын басу коэффициенті 40 пайызға тең болуы тиіс. Яғни, зейнетақы мөлшері жұмыскер жалақысының кем дегенде 40 пайызын құруы керек.   

 

Алайда зейнеткерлікке шыққандардың барлығының бірдей зейнетақысы жоғалтқан жалақыларының 40 пайызына жете бермейді. Бұған зейнеткердің зейнет жасына дейінгі жалақысының төмен болуы, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілінің аздығы, зейнетақы жарналарының тұрақсыз аударылуы және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.

 

Бірақ, осы жәйттерге қарамастан, қалайша лайықты зейнетақы алуға болады? Бұл мәселені шешудің бір жолы – ерікті зейнетақы жарналарын төлеу.

 

Ерікті зейнетақы жарналары – бұл, салымшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен аударатын ақшасы. Бұл ретте салымшы жарнаның сомасын өзі белгілейді және оны өзінің атына ғана емес, туған-туыстарының атына да аудара алады.  

Заңды тұлғалар да жеке тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары болуға құқылы. Мысалы, жұмыс беруші осылайша қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын арттыруға әрекет жасауы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналары ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасалады.

Шартта жалақы мөлшерін немесе жалақының Қорға аударылатын пайызын көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені, ерікті зейнетақы жарналарының сомасы салымшының мүмкіндігі мен ықыласына қарай ай сайын өзгеруі мүмкін.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен барлығы 39,2 мың шот ашылған. Олардағы жинақтардың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрайды. 

Ерікті жарналар да басқа зейнетақы жарналарымен қатар әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше оларға да күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті жарналар есебінен құралған зейнетақы жинағының басқа зейнетақы жинақтарынан айырмашылығы сол, оны зейнеткерлік жасқа толмай жатып алуға болады.

 

Нақты айтар болсақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Әлемдік тәжірибелерді зерделей келе, БЖЗҚ қазіргі таңда ерікті зейнетақы жарналары сынды болашаққа қаражат жинау құралын белсенді түрде пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қор мамандарының есептеуінше, аз мөлшерде тұрақсыз аударылған ерікті жарналары есебінен құралған зейнетақы жинағы зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге елеулі түрде септігін тигізеді.

 

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

 

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де Бұқар-Жырау, даң. 82 үй.мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Жаңа технологиялардың болашақ зейнеткерлерге көмегі:

-          жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы қалай білуге болады?

-          ұялы телефондағы зейнетақы;

-          ақпараттық киоскідегі виртуалды консультант;

-          үйден шықпай-ақ зейнетақы төлемдерін рәсімдеу

 

Сіздің бұлар туралы толығырақ біліп, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша жеке ақыл-кеңес алуыңызға мүмкіндігіңіз болады.  

Барлық адамға қолжетімді

 

2017 жылғы 30 маусымда БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында Ашық есік күні өткізіледі. Қор қызметінің ашықтығын арттыру және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл кезекті шараның тақырыбы «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» деп аталады.     

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры заман талабына сай зейнетақы жинақтары бойынша ақпарат беру арналары мен қызмет көрсетудің ыңғайлылығын арттыруға ұмтылып келеді. Осы шараға келген қазақстандықтар Қордың салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болуы үшін қандай жаңа технологияларды қолданып жатқандығын білетін болады.    

«БЖЗҚ» АҚ Қарағанды обылыстық филиалының мамандары:

«Қазіргі таңда салымшылар және алушылармен өзара қашықтықтан қарым-қатынас жасау арналарын дамыту қажеттілігі туындап отырғандығын, өйткені мына күнделікті күйбең тірлікте Қордың бөлімшесіне келіп кетуге уақыт табыла бермейтіндігін» жеткізді.    

Бүгінгі таңда, БЖЗҚ деректері бойынша 4,02 миллионға жуық адам зейнетақы жинақтары туралы ақпараттарға қашықтықтан қол жеткізе алады. Бұл салымшылар зейнетақы жинақтарының жай-күйін электронды пошта (жылына 12 ретке дейін), сайт немесе ұялы қосымша арқылы (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн) қадағалай алады. 

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаның шамамен 797,4 мың рет жүктелгендігін айта кеткен жөн.  

БЖЗҚ-да арнайы интерактивтік ақпараттық киоскілер желісін дамыту және жаңа онлайн сервистерді енгізу арқылы да көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Қор сондай-ақ ақпарат беру арналары мен кеңес беруді белсенді түрде дамытып жатыр.

Қор мамандары электрондық қызметтердің артықшылықтары мен оларды енгізу жоспарлары туралы 30 маусымда, шара барысында ұйымдастырылатын таныстырылымда жан-жақты әңгімелейтін болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары таныстырылымнан кейін өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақпарат алу тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қоя отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың ыңғайлы тәсілін таңдай алады.    

Естеріңізге сала кетелік, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есік күні шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткізілген болатын. Ол «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпқа арналды. Қазіргі таңда Қор мұндай шараларды әр түрлі тақырып бойынша тоқсан сайын өткізіп тұруды жоспарлап отыр.   

 

 

Зейнетақы қорында виртуалды қызмет көрсетушілер пайда болды

 

«Армысыз! Қанеки, емін-еркін әңгімелесейік! Маған жақынырақ келіңіз! Сізге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық қызметтері жайлы әңгімелеп берсем деймін».

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдарында алдына келушілерге осылай сәлем беретін ерекше интерактивті ақпараттық киоскілер пайда болды.

Биіктігі адам бойымен бірдей, сыртқы пішіні кәдімгі «Айфон» смартфоны тәріздес. Оның алып экранындағы виртуалды қызметшінің рөлін белгілі тележүргізуші Серік Ақышев сомдаған. Ал оның қатысуымен жүзеге асырылатын қызметтердің реті алдын-ала бейнетаспаға жазып алынып, аппарат жадысына енгізілген. Экранда ол жайдары жүзбен келушілердің назарын өзіне аудару үшін әр түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды(компьютерде жұмыс істейді, корпоративтік журнал оқиды, кофе ішеді, қызметкермен сөйлеседі). Егер клиент экранға назар аударып, оған жақындайтын болса, виртуалды ассистент те клиентке «жақындап» оны әңгімеге тартады. Электронды қызметтерді пайдалануды ұсынады және әрбір қызметтің мән-мағынасын асқан сыпайылықпен түсіндіреді. Ал азаматтарға тек сенсорлық экранда пайда болатын тиісті түймешіктерге саусағының ұшын тигізіп тұрса болғаны. Қордың «виртуалды қызметшісі» оған қызметті пайдаланып болғанша дауыстап нұсқау беріп тұрады. Қызмет көрсетіліп болған соң күту режіміне қайта оралып, тағы да бұйрығыңызды күтіп отырады.

Қорға келушілерге бұл су жаңа ақпараттық киоск арқылы Қордың «Интернет үзінді-көшірме», «Ұялы қосымша» және «Зейнетақы калькуляторы» секілді электрондық қызметтері бойынша ақпараттық қызметтер көрсетіледі. 

Мысалы, салымшылар мен алушылар киоскінің «Интернет үзінді-көшірме» бөлімі арқылы өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін, оларға келіп түсіп жатқан зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстардың ағымдағы сомаларын біле алады. Бұл үшін олар белгілі бір кезең аралығын таңдау арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша алынған үзінді-көшірмені өздерінің электронды пошталарына жібереді. 

Ал, «Зейнетақы калькуляторы» бөлімі зейнет жасына шыққанда алатын зейнетақыны қарапайым кесте бойынша есептеуге мүмкіндік береді. 

Ол зейнетақыны пессимистік, реалистік және оптимистік деп аталатын үш сценарий бойынша есептеп береді. Бұл енді болжамды калькулятор ғой. Қорытынды сомаға әр түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Бірақ, болжамды есептеудің өзі-ақ болашаққа дұрыс бағдар жасауға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.

Әрине, міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері артып, олар жеке зейнетақы шотына тұрақты түрде аударылып отыратын болса, зейнет жасында алатын зейнетақы төлемінің де қомақты бола түсері анық. 

Қазіргі кезеңді интернетсіз, смартфондарсыз көз алдыңа елестету мүмкін емес қой. БЖЗҚ міне осы жағдайды ескере отырып, 2014 жылы кез келген уақытта және кез келген жерде жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы барлық ақпаратпен лезде танысуға мүмкіндік беретін өте ыңғайлы «ENPF» ұялы қосымшасын әзірлеп шығарған болатын. Енді ұялы телефоныңыз арқылы Қордың ресми сайтына кіріп, ұялы қосымшаны смартфоныңызға оп-оңай жүктей аласыз. Сөйтіп, қосымшаға логин мен құпиясөзді (пароль) енгізу арқылыжеке зейнетақы шотының жай-күйін тез-ақ білуге болады.

Мінеки, бұл туралы виртуалды қызметкер ақпараттық киоскінің «Ұялы қосымша» бөлімінде жан-жақты түсіндіреді.

Сөз соңында Серік Ақышев:

Ал енді назар аударыңыз! Сіз «Ұялы қосымшаны» дәл қазір жүктей аласыз! Смартфоныңызбен QR-кодты сканерлеп ұялы қосымшаны жүктеп алыңыз. Сонда жеке кабинетіңізге қол жеткізе аласыз», - дейді.

Қорыта келе айтар болсақ, ақылды машинаның арқасында Қорға келуші салымшылар мен алушылар ұзын-сонар кезекке тұрудан құтыла бастады. Санаулы минуттың ішінде өздеріне-өздері жайлы қызмет көрсетіп, алтын уақыттарын үнемдейді. Сәйкесінше жүйкелеріне де салмақ түспейді. Бұл әрине, әр минутын есеппен жұмсайтын іскер азаматтар үшін таптырмайтын мүмкіндік екені рас!

Жалпы, сенсорлық киоскінің болашағы өте зор. Алдағы уақытта оны одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Яғни, жақын болашақта осы аппарат арқылызейнетақы жүйесіне қатысты әр түрлі тақырыпта әлеуметтік роликтер мен таныстырылымдар көрсетуге болады. Сонымен қатар«Пікірлер мен ұсыныстар» қызметі бойынша Қор басшылығына тікелей пікір жазу, Қордың enpf.kz ресми сайтына шығып «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының блогы» арқылы сұрақ қоюнемесе өтініш жазу және «Қоғамдық қабылдау» бөлімі арқылы Қор басшылығының қабылдауына жазылусекілді қызметтер енгізіледі.

Әрине, ақпараттық киоскіні жетілдіру бұл қызметтермен шектеліп қалмайды. Өйткені оның функционалдық мүмкіндіктері ұшан-теңіз.

Біздің мақсатымыз салымшылар мен алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, олардың Қор мен арадағы қарым-қатынасын нығайта түсу.Сәйкесінше салымшылардың электрондық қызметтерді белсенді түрде пайдалануын арттыруда мұндай аппараттардыңтигізер көмегі сөзсіз жоғары.

Айта кеткен жөн, мұндай сенсорлық аппараттар елімізде енді-енді пайдаланылып келеді. Оларды қазір тек кейбір үлкен сауда ойын-сауық мекемелерінен көруге болады. Бірақ олар әзірге тек анықтамалық функцияларды ғана атқарады. Ал батыс елдерінде адам мен ақпараттық техника арасындағы «ақылды» электрондық байланыс қарыштап дамып келеді. Бұған қарап, технология адамдарды қызмет көрсету саласынан біртіндеп ығыстырып бара жатыр ма қалай, деген ойға қаласың. Бірақ, бұл қалай дегенмен де, өркениеттің даму жолы ғой. Ал оның көшінен қалып қоюға әсте болмайтынын бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. 

Осылайша, ақпараттық киоскілер өткен жылдың күзінде шет елден сатып алына бастады. Кейін Қордың ақпараттық технологиялар депаратменті қызметкерлерінің күшімен жаңа аппараттың контенті, алгоритмі әзірленді.

Ең алдымен клиенттермен арадағы интерактивті байланыстың бүкіл механизмі зерделенді. Әсіресе аппараттың интерфейсін адамдардың назарын аударатындай қызықты етіп жасауға күш салынды.

Жыл соңында барлығы 10 ақпараттық киоск Қордың Алматы, Астана, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Петропавл, Шымкент секілді ірі қалалардағы филиалдарына орнатылып, тестілеуден өткізілді. Ал таяуда салымшылар мен алушылардың пайдалануына берілді.

 

Жаппарберген Айбота

 

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді  

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда. 

 

Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.    

 

Бұл жобаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиімді сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру. 

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді. 

 

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған.Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, режимдік және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдікагент» қызметін пайдалана алады. 

 

Одан басқа, көшпелі топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бірақ бұл үшін олардың саны жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудің электрондық тәсіліне барынша ауыстыру шараларын жүргізеді және ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.  

 

Қазіргі таңда жоба аясында бірқатар қызметтер көрсетіледі. Олар:

¾   жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;

¾   деректемелерді өзгертуге арналған өтінішті толтыру;

¾   ақпарат беру тәсілін өзгерту (айқындау) бойынша қосымша келісімді рәсімдеу;

¾   ЖЗШ бойынша үзінді-көшірме беру;

¾   шарттардың көшірме нұсқасын беру;

¾   зейнетақыны жеке және корпоративтік жоспарлау моделін (зейнетақы калькуляторларын) қолдана отырып кеңес беру;

¾   ақыл-кеңес беру;

¾   таныстырылымдар өткізу;

¾   зейнетақыны төлеуге арналған құжаттарды қабылдап алу немесе мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтардағы мүгедектер үшін зейнетақы жинақтарын аудару.

 

2017 жылдың алғашқы 4 айы ішінде «Мобильдік агент» жобасы аясында 2 326 көшпелі шара өткізіліп, 71 908 операция жасалды. Олардың ішінде жеке зейнетақы шотын ашу бойынша 740 шарт, ақпарат беру тәсілін өзгерту туралы 19 678 келісім жасалды. Сонымен қатар 18 282 үзінді-көшірме берілді.

 

Салымшыларға көшпелі қызмет көрсету одан әрі жетілдіріліп жатыр.  Алматыда 2017 жылғы 18-19 мамырда Қор басшылығының қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының жыл сайынғы семинар-отырысы болып өтті.  Онда зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру аясында БЖЗҚ бөлімшелері жоқ, шалғайдағы елді мекендер үшін «Мобильдік кеңсе» қанатқақты жобасын іске қосу мәселесі көтерілді.

Қазіргі таңда агенттер салымшыларға алып жүруге ыңғайлы компьютер және құжаттар топтамасымен баратын болса, «Мобильдік кеңсе» барлық қажетті техникамен және жер серігі байланысымен жабдықталатын болады.   

Бұл өзіндік бір көшпелі қызмет көрсету орталығы іспеттес. Онда барлық қызметтер онлайн режімінде көрсетіледі. Қанатқақты жобалар аясында Қазақстанның үш өңірі – Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетіледі. Бұл өңірлер бірінші кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды.

Мысалы, Қостанай өңірінде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елді мекендер көп. Алматы облысы Қазақстанның басқа өңірлерінен елді мекендерінің көптігімен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленеді. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергілікті тұрғындардың көпшілігінің мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс істейтіндігіне байланысты іске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елді мекендерден алыста орналасқан.

 

«Мобильдік кеңсенің» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергілікті әкімдікпен алдын ала келісіледі және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала біліп отырады.

 

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан ауылдардың тұрғындарына әрі қарай көшпелі қызмет көрсету туралы нақты шешім қабылдайды.